Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
04.06.2022
169

ЖАСАМПАЗ ЖЫРЫМ
Тəуелсіз күнім – жасампаз жырым, жас күнім,
Думаны сенсің жеті қат аспан астының.
Жалғанда жалпақ бөгейтін ешбір күш те жоқ
Жасампаз елдің телегей теңіз тасқынын.
Серігім болып тəтті күй, əсем əн менің,
Жалғасып жатыр дүркіреп келген дəуренім.
Қыпша бел қыздар, нар тұлға жайсаң жігіттер
Танытып жатыр өзінің мықты пəрменін.
Қырандар қалқып ашылған шайдай көгімде,
Жерімде жомарт төгілсе маңдай терім де,
Ол ерлік жүзің, қалдырған ізің деп білем,
Еркіндік дəмін сезінген менің елімде.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇