Өлеңдер ✍️
ТӘУЕЛСІЗ КҮНІМ
Тəуелсіз күнім!
Мен сені
Асқақтап тұрған шың дер ем.
Қараған жанның еріксіз басы айналар.
Ұлылық мəнін ойланар.
Перзенті болып, Жер-ана төсін иіткен,
Дəуірге дархан сүйсіне қарар биіктен,
Өзіңдей заңғар қайда бар?!
Тəуелсіз күнім!
Мен сені нұрлы күн дер ем,
Шуағы жетер төрт бұрышына əлемнің,
Арқауы болар өлеңнің,
Тауларды басып, мұхиттан асып дабылың,
Жерлерге кашық кұйылып жатса жарығың,
Тілегі сенсің көп елдің.
Өзіңсің шаттық арнасы,
Басынан таудың бас алып барып тасыған,
Ілгері қарай жосыған,
Көбейіп қызық, еңбекпен қызып ду-думан,
Бұрқанып-тасып, ереуіл-толқын тудырған
Серпінді күй мен асыл əн.
Өзінсің өмір жалғасы,
Қабыл боп тұрған батасы абзал атаның,
Алысқа жайған атағын,
Масаты белім, қоғалы көлім, өзенім,
Аунайтын жерім, жұтатын демім, өз елім,
Шалқыған менің Отаным!
Тəуелсіз күнім – тағдырым,
Көзімен оның өткенді көріп сырласам,
Тереңде жатқан сырды ашам,
Атымтай жомарт секілді бүгін баймын мен,
Кеудемді шаттық кетеді кернеп, лайнермен
Төсінде көктің зуласам.
Тəуелсіз күнім – əн-жырым,
Зор дауыспенен шырқайтын елдің ұл-қызы,
Жүздері гүлдей қырмызы.
Куəсі болып ыстық қан, ащы терімнің,
Жайнайды мəңгі көгінде еркін елімнің
Тəуелсіздіктің жұлдызы!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter