Өлеңдер ✍️

  04.06.2022
  166


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Неге, неге жақсы көрем тілді мен?

Неге, неге жақсы көрем тілді мен?
Ең тəттісі тіл деген де шын білем.
Осы тілмен достарымды күлдірем,
Осы тілмен дүнияны бүлдірем.
Екі жақтың ортасында жатқан тіл,
Ащыны да, тұщыны да татқан тіл,
Жолыққанның қас-қабағын баққан тіл,
Жыны келсе, бүйідейін шаққан тіл.
Отыз тістің арасынан шыққан тіл,
Екі еріннің езуіне бұққан тіл,
Ғашық сөзін айтқызбай-ақ ұққан тіл,
Айтар ойды көмейіне тыққан тіл.
Жиын-тойда сəн-салтанат құрған тіл,
Кей кездері жақынына бұрған тіл,
Қасты көрсе, қамшыдайын ұрған тіл,
Досы келсе, тілін тістеп тұрған тіл.
Қажет болар өмір бойы мылқауға,
Өзек болар тілің түрлі сылтауға.
Дəм сезетін, сөз білетін тілің бар,
Олай болса, Жаратқанға қыл тəуба!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу