Өлеңдер ✍️

  04.06.2022
  112


Автор: Ақылбек Шаяхмет

ҚЫЗЫЛ ТІЛІМ

Ет-жақыным, елжіретер бауырым,
Сырқат жанға шипа болар дəруім,
Үшкір найза, өткір қылыш, қаруым –
Қызыл тілім ол менің!
Жебелерден қорғанатын қалқаным,
Ақсауытым ойлайтұғын ар қамын,


Шыққан майы бетіндегі сорпаның –
Қызыл тілім ол менің!
Қас пен досқа жасап жүрген амалым,
Келбетіме көрік берген жамалым,
Жүрген ізім, басқан əрбір қадамым –
Қызыл тілім ол менің!
Жиған малым, елге сыйлап бергенім,
Артымдағы қалдыратын өрнегім,
Ұрпағыма аманатым, сенгенім –
Қызыл тілім ол менің!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу