Өлеңдер ✍️

  03.06.2022
  171


Автор: Жұмекен Нәжімеденов

ТУҒАН ЖЕР

– Туған жерің қай жер, – деді, – жаңа ақын?
– Ол жерде де аспан мен күн болатын.
– Туған жерің қай жер? – деді бір келіншек күлегеш,
– Қара жер! – деп жауап бердім, – су емес.
– Он жылдықты қайда оқыдың? – деді ер бір,
– Мектепте! – деп толқыдым мен, –
оқытқан-ды өз ісіне ұсталар...
– Ауа райы қандай еді ол жердің?
– Жауатұғын жазда – жаңбыр, қыста – қар,
бұлттар маңып жататұғын биікте,
бар еді онда бұралқы ит те, киік те.
Шөптің басы сыбдырлайтын жел ессе...
– Барлық жер де дәл осындай емес пе?! – Міне, – дедім, енді дұрыс ұқтыңыз,
Қайда да бар ойлы жігіт, мықты қыз.
Отанның кай жеріне де күн мен ауа тарайды,
Қай төбенің аспаны да арайлы,
Қай төбе де туған жер деп мақтануға жарайды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу