Өлеңдер ✍️

  03.06.2022
  110


Автор: Жұмекен Нәжімеденов

КӨСЕУ

Әлдеқалай күн түсті
қара күйе бір көсеудің басына.
Сол-ақ екен,
көтерді әлгі көсеуді
әлдебір қол асыға.
Асыл жоқ па көкке көтере-тұғын,
көтерді кеп сол көсеуді қол әлгі.
Дүйім жұрттың төбесіне шыққан соң
көсеу де енді өркөкірек боп алды.
көсеу деген ат-атағы жоғалды,
күйесі де жоғалды,
енді не қалды?!
От қоздату қазандардың астына,
не күл шашу – көсеулердің ісі бұл.
Рас, қолы күймейді екен,
күймеді
әлгі сын-ды көсеуі бар кісінің.
«Қолмын!»– деді бір күні,
тасты көсеу табанда –
қол болған соң – көсеу керек оған да,
ей-ей, көкми,
зауалыңа жолыққыр!
...Көсеуге де сонымен
көсеу керек болып тұр.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу