Тақпақтар ✍️
Тақпақтар ✍️
03.06.2022
371

РЕТСIЗ ҚУАНЫШ
Футболшы гол соқты,
Стадион қол соқты.
Қуанды ол, секiрдi
Жас бала секiлдi.
Қол алып достары,
Сүйдi оны, қоштады...
Созылып сiңiрi,
Ол еңбек сiңiрдi.
Жөн делiк оныкi.
Не жорық менiкi?
Отырып үйiмде,
Қуанған күйiмде,
Лақтырып бөркiмдi,
Құшақтап əркiмдi,
Уралап жүргенде,
Оқыс қол тиген бе,
Кесенi сындырдым...
Мен немдi тындырдым?
Бостан-бос бүлдiрдiм...
Ескен Елубаев тақпақтары ескен елубаев балаларға арналған тақпақ балабақшаға арналған тақпақ Футбол гол стадион қуаныш спорт
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter