Тақпақтар ✍️
Тақпақтар ✍️
03.06.2022
159
КIМ МОМЫН?
(Мысал)
– Дүниеде кiм момын?
– Момын болса – мiнi оның!..
– Бұл заманда ендеше
Қиын дей бер күнi оның!..
– Тимес жанға залалы,
Жоқ, арамдық амалы,
Дүниеде –
Қой момын,
Қарапайым, адалы...
– Келiссеңдер, халайық,
Осы ұйғарым,
Таралық! –
Деген кезде айқайға
Салды келiп
Қарақұрт:
– Бұл пiкiрдi ендi қой,
Қойды момын дейдi ғой!
Нағыз жауыз –
Осылар!
Бiздi қуып жейтiн – Қой!..
Көптiң бiтпей даулары,
Егес қайта қаулады.
Момын деген қойдың да
Болады екен жаулары!
Ескен Елубаев тақпақтары ескен елубаев балаларға арналған тақпақ балабақшаға арналған тақпақ момын мысал кiм дүние
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter