03.06.2022
  239


Автор: Ескен Елубаев

ҚҰРАҚ КӨРПЕ

Жердiң бетiн неге теңеу өтiмдi,
Жердiң бетi –
Құрақ көрпе секiлдi.
Суретшiнiң палитрасы ол дөңгелек,
Қажет етсең,
Бояуы бар не түрлi.
Оған дəлел, мiне, теңiз аттары:
Қара теңiз,
Сары теңiз,
Ақ теңiз.
Оған дəлел, мiне, таудың аттары:
Ақтау,
Қаратау


Сарытау,
Алатау,
Көкшетау,
Қызылтау,
Оған дəлел, мiне, өзен аттары:
Ақсу,
Көксу,
Қарасу,
Сарысу,
Қызылсу,
Бозсу.
Оған дəлел, мiне, құмның аттары:
Аққұм,
Қарақұм,
Қызылқұм,
Сарытауқұм...
Мұның бəрiн, шырқау биiк алыстан,
Көрер ме едi, көрер ме едi ғарыштан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу