Тақпақтар ✍️
Тақпақтар ✍️
03.06.2022
125

ЖАЗА
Саудагер
түксиiп
қабағы,
Тектен-тек
баласын
сабады.
Саудасы
жүрмесе
əдетi,
Баладан
өшiн кеп
алады.
Жақын кеп
көршiсi
сұрасын:
– Не үшiн,
ұлыңды
ұрасың?
Не үшiн
соққыға
жығасың?
Айтсаңшы,
бiлейiк
кiнəсiн?
Саудагер
зекiдi
ұлына:
– Көрсетем
мен бұған,
мұны ма?!
Кесенi
қиратар
бұл деген,
Төлеген
неше пұл
құнына...
Сынған еш
кесе жоқ,
қараса,
Көршiсi
таң болды
тамаша.
– Баланы
жазықсыз
ұра ма,
Бер, батыр,
бер, батыр,
араша...
Саудагер
көршiге
қарады,
Қолынан
босатып
баланы.
– Кесенi
жармаса...
жарады.
Ертең-ақ
сындырып
алады...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter