Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
03.06.2022
107
ЖАРАМСАҚ-ЭТЮД
Кімге керек, келді, міне, сыр-сымбат,
жаңа басшы жігіт екен бір сұңғақ:
есігін қақ, тырсылдат,
теріңді сүрт, ырсыл қақ.
Әттең, әлі алда сын,
алдана сал – басшы алдаса – алдасын.
Кеше кеткен –
ертең қайтып келмесін,
бүгін келген –
ертең түсіп қалмасын!
Арыңды бер,
адам сат –
күніңді көр, жарамсақ!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter