Өлеңдер ✍️
БҰЛТ
Атыраудың ар жағында ауыл бар,
анда-санда солай да бір ауыңдар!
Миллиардтың керуеніндей ірмеліп,
аударсаңшы анда-санда іргені –
мен отырмын ауыл жаққа жүргелі.
Бұлт көшпесе, кім көшеді елде енді,
жел, жетекке ал мынау ала керуенді!
Медеу-сайдың онсыз дағы көп көгі
жасыл-жасыл жабағы боп шөкті өлі.
Бұрынғыдай ұйтқымайды желі көп,
содан ба екен – аспаны тұр еңіреп,
жаңбыр деген болмаушы ма ед өтпелі?!
Иә, о жақта...
Су ішпейтін көлік тап!
Мұнай ішкен моторлар,
о да қызып солықтап тұр солықтап,
қыраны да ұша алмайды ұзаққа.
Қара тас та көктеп жатыр бұ жақта,
бұлттың өзі «отырықшы» болып қап.
Иә, о жақта..
шық кепсе ертеңгі
ала-бота да өртенді –
Аспан, аспан, әділет бер, бер теңдік!
Қара шыңның тұнжырайды қабағы,
айықпайды қабағы бұлт-жабағы.
Жылауық, тал тоқтығынан тұр жылап –
қабақ біткен қалған екен тұнжырап!
Біреу айтты:
– О жаққа да ашу керек бір жұмақ!
Біреу айтты:
– Былжырақ сөз неге керек, былжырақ:
Не жамылар еді Ала-тау мына,
бұлтын әркім тасып кетсе аулына?!
Аспан айтты:
– Ал, шауып ал, мына тауды, не мені,
Ешкімнің де болмайды енді дегені!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter