Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
03.06.2022
151

Әкем де Сен...
Әкем де Сен,
Шешем де Сен! – десем мен,
Өзегімнен өкінішім өшер ме ең?..
Топырағыңа табанымды қыздырып,
Қияғыңа балтырымды сыздырып,
Таңғы шықты тобығымнан кешер ме ем?..
Бақытымның баяны мен аяғы –
Ауылымның көк жусаның төсенген.
Сағынамын тауыңды да, тасыңды,
Сенен басқа таба алмадым асылды!..
Бір сиқырың бар екенін сезіндім,
Еміреніп қойыныңда көз ілдім,
Көкірегім шымылдықтай ашылды.
Қуаныштың қоңырауы қағылып,
Шапағыңнан шуақ-шашу шашылды.
Саған деген махаббатты тілменен
жеткізе алман,
Тұншығайын, үндемен?!.
Соңғы кезде, неге екенін білмеймін,
Қуыстанам жетпегендей бірдемем,
Бақытымның бұтағында бүрлеймін,
Ғасырымның асуында дүрбелең...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇