Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
03.06.2022
132

Бұлтсыз бүлделенген....
Бұлтсыз бүлделенген,
Жанымды гүлге көмген,
Ғарыштың құшағында...
Жолықпай құса-мұңға,
Құтылдым дүрбелеңнен.
Жанған күн...
Отты алабы,
Жұлдыздар шоқтанады.
Күнге ұқсап жану үшін,
Алаулап қалу үшін,
Тірлігім шоқтанады.
Ай бетін бүркемеді,
Жып-жылы Үркер өңі,
Өзегі от, сырты майлы
Жұлдыздар жылтырайды.
Шырақтай білтедегі.
Пәруейсіз пенделерден
Ғарыш– сыр, перделенген.
Сананың саңылауы,
Аңқаның аңырауы
Белгісіз, енбегенге?!.
Тыныштық тұмшалаған
Тамырсыз– тұмса-ғалам.
Қаңғыбас ойларыммен,
Тылсымға бойладым мен,
Ашылып нұр-сағанам.
Мен сонда жүрмін әлі,
Жоқ сұлу бұлбұл әні...
«Құсжолы» созылады...
Боз дала боз ұланы
Боздаса, кім кінәлі?!.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇