Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
03.06.2022
160
Шымқора
Шығыстың долы бораны
даланы тағы орады,
Қиыршық қардың ұшқыны
қойныңа құмдай толады.
Ашуға ашу қосылып,
Қалады ақыл тосылып.
Қайраттың қайнап қуаты,
Барады жындай жосылып.
Далада зорлық– зомбылық
Мұздатып тәндi тоңдырып,
тарылтып сабыр тынысын
шыдамың шаршар болдырып.
Жолдарға жолдар жалғанбай
үзiлiп iздер қалғандай.
Айқарған боран астында
тiршiлiк тыным алғандай.
Иенде сен- мен қауышып,
Сағыныш сазын тауысып,
Қалбада құшақтасқанда
Мiнезiңдi алдым ауысып.
Көп болса менде қо
лай күн,
Шаттығым шалқар мол айдын...
Ашуым алға түскенде
ақ боран,
сендей бораймын.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter