Өлеңдер ✍️

  03.06.2022
  103


Автор: Серік Ғабдуллаұлы

Қуып шығып бойыңнан «бақсылықты»...

Қуып шығып бойыңнан «бақсылықты»,
Жасау қандай рахат жақсылықты!?.
Беріктастың төсіне өрмеледім,
Ұстап мініп үйірден ат-шыбықты.
Батып тұрмын бақытқа тарап қаным,
(Шаттығымды шектемей Жаратқаным).
Қайшы алысып ұшады қарлығаштар,
Мөлдір суға малып ап қанаттарын.
Кірпігіме бір тамшы ілінгендей,
(Қайда жүргем, япыр-ау, бұрын келмей!?)
Періштедей тап-таза мына жалған,
Сезінемін өліп қап тірілгендей.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу