Өлеңдер ✍️

  03.06.2022
  127


Автор: Серік Ғабдуллаұлы

Сыбағасын алдым ба...

Сыбағасын алдым ба,
сығыр Құдай, сыйыңның?!
Өзегіңді өртедім,
Өлең болып құйылдым.
Сүйдірдім де,
күйдірдім жүрегіңнің ерінін,
Тасың болып қатайдым,
құмың болып жиылдым.
Қара құйрық күндердің,
қара барқыт түндердің
қабағы боп түйілдім...
Дауылында дәуірдің,
аңқасында ауырдың
топырақтай үйілдім.
«Ақсақ құлан»,
«Жошы хан»,
«Нар идірген»- күйіңмін!..
«Басы барды идіріп,
тізесін жерге тидіріп»,
Бақытың боп бұйырдым.
Қырқасын да...
қылтасын
қиып өттім Қиырдың!
Отырғанда Кемеге,
Іздегенім немене
екенінде білместен
Тәуекелден тиылдым...
Жел үйірген құйынмын...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу