Өлеңдер ✍️

  03.06.2022
  128


Автор: Серік Ғабдуллаұлы

Өң бе, түс пе...

Өң бе, түс пе,
Бiлмеймiн?!
Кейде жарық күндеймiң,
Кейде жабық түндеймiн.
Өмiр өкпелеткенде
Жүйкенi түтiп жүндеймiн.
Тұрады көнiл аһ ұрып,
Ойменен қырға шақырып.
Барсам,
Бос кеңiстiк,
Жоқ тақырып.
Тыным тұншығады,
Шыным қыңсылады,
Дегендей «Жат ұлып!»
Мен де ұлыймын,
Бөрi де ұлыйды,
Тәңiрдiң нұры
Шуақ болып құйылды.
Қиян дегенiм– шың,
Қиял дегенiм– шын болды...
Қуып жүрiп құйынды,
Көк түрiктiң көк туы
Бақыт болып бұйырды.
Байрақты тiкпек боп басына,
Алтайдың шығайын тасына.
Көк жиек күптелген күмiстей,
Аяқ асты пүлiштей...
Қыдыр қоңғандай қасыма,
Бақытым пiсiп– толып,
Зәрем ұшып– қонып,
Шуақ сiркеледi шашыма.
Көзiмдi жұмып,
Iшiмнен тым
-тырыс тынып,
Тыңдадым жүрек дүрсiлiн.
Күңкiлдеп күншiл үн,
Күйзелтiп күрсiлiн,
Қуаныштың көленкесiне
Тығылып,
Жүнi жығылып,
Қылау шалды қылшығын...


Өң бе, түс пе, бiлмеймiн,
Көзiмдi iлмеймiн...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу