Өлеңдер ✍️

  03.06.2022
  346


Автор: Серік Ғабдуллаұлы

Жаратылыс жұмбағы

Жаратылыс жұмбағы
Тірліктің көз жұмғаны.
Құмырысқадай қыбырлап,
Кеш жатып, ерте тұрғаны.
Асыл тастың жынысы
байлық, дәулет, ырысы.
Табиғатпен туыстас
адамзаттың тынысы.
Сен түсінбей қаласың,
Жаратылыс жарасын.
Айырмайсың анықтап,
Ақ пен қара арасын.
Табынатын тәңірің
Жүргізеді әмірін.
Жұмбағына жұтылған
жан-жағыңның бәрі мұң.
Табынатын құдайың
тірлік сыйлар Күн-Айың.
Қайсына бас иейін,
Кімнен медет сұрайын?!
Адастырмас Алла бар,
Ақихаттан ал хабар.
Сенім берік болмаса,
Әр нәрсеге алданар?!
Жүрекке сен, ендеше,
Басқаға сеңгің келмесе!
«Құдай менің кеудемде»
деп түйінде пендеше.
Кетпес пейіл ұсақтап,
Жазы, күзі, қысы аппақ.
Өмір сүрген бақытты,
Кеудесінде құдайын
жүрген адам құшақтап!.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу