Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
03.06.2022
241
Алдамшы өмір...
Алдамшы өмір,
дүмше дүние,
жалаң күн,
Жарығыңнан молдау екен қараңғың.
Тірлігімнің тарылтады тынысын,
Шала шаттық,
жарым ес той,
сараң мұң...
Сырты бүтін,
іші түтін пендеміз,
Бұл пәниде ашылмаған пердеміз.
Қына бітіп,
жуа бітіп жоғалар,
өміріңнің өрісінде өрген із.
Күн еңкейіп,
ұзарады көлеңкең,
Тұғырдағы тұйғындай боп өлер кем!
Топырақтың қалғаннан соң астында,
Жоқтар дейсің кім еске алып сені ертең?!
Таққа,
баққа.
атақ-даңққа ұмтылдың,
Жанталаста жаға-жеңдей жыртылдың.
Тәңіріңе қалай жауап бересің,
Ділің қайсы,
тілің қайсы,
Ұлтың кім?
Ойым – ойран,
Санам – сарсаң... бұлқындым.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter