Өлеңдер ✍️
МАҒАЗ АҒА
Асу-асу белдерден,
Аса бір шапқан тұлпарым.
Еңку-еңку жерлерден,
Жасауыл тапқан сұңқарым.
Өлкесінен өлеңнің,
Ғашық еткен іңкəрім.
Маңғаз аға, Мағазым,
Өзіңсің əнім
Шырқарым.
Қайырмасы:
А...а...ай...
Əлемге жеткен тіліңіз,
Қайырымға келе алмай,
Көңілдің көк дөнені-ай,
Жатқанын-ай желе алмай.
Басыңды көтер, аға жан,
Көңіл сұрай біз келдік,
Көптен бері көре алмай.
Заманға жаршы ақынға,
Өзің медет бер алла-ай.
Қанасың қанша сағынды,
Келеді деп Мағазым.
Көлдің көкшіл айдыны,
Жазылмай жатқан қағазың.
Ақ бұлағың сақтады,
Қымыздығын жағаның.
Емегейті, Үштасың,
Қайда дейді – қарағым.
Қайырмасы:
Киесі ем боп қонса екен,
Сыбызғылы далаңның.
Қатарға Мақаң қосылса,
Қажеті не наланың.
Туған жерге бармаса,
Қадірі өтер дананың.
Пайғамбардай ақынды,
Қолда аруағы бабаның.
Қайырмасы.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter