Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
03.06.2022
154

ШЫРҚА, БҰЛБҰЛЫМ
Ақын едім əнге құмар, жыр құмар,
Аз ба əлемде мен іздеген бұлбұлдар.
Аңсап келдім тамылжыған əніңді,
Сейілсын деп басымдағы сұр мұнар.
Қайырмасы:
Шырқа, шырқа, бұлбұлым,
Сазға бөлеп əн бағын.
Бір жүректің ғұмырын,
Əр жүректің арманын.
Қалқам, неткен көріктісің, тұнықсың,
Тау суына бетіңді алғаш жуыпсың.
Ақын, əнші – өнердің қос қанаты,
Содан болар маған əйтеу жуықсың.
Қайырмасы:
Бұл дүние əнмен ғана тербелген,
Əнсіз күнім беймаза күн сергелдең.
Үкілі ару, əнші қызы қазақтың
Тебіренейін, тербелейін термеңмен.
Қайырмасы.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter