Өлеңдер ✍️

  03.06.2022
  108


Автор: Бəйтік Дүйсебаев

ТОРҒАЙТЫМ

Жұпар иісің самалыңмен тараған,
Сар қымызың сапырылған дарадан.
Егізтөбе, Сұлушоқың шұрайлы,
Қаршығатас желкесінен қараған.
Қайырмасы:
Торғайтым, менің Торғайтым,
Əнім де өзің қозғайтын.
Торғайтым, менің Торғайтым,
Күйім де өзің толғайтын.
А...а...а...
Торғайтым, менің Торғайтым.
Көршілерің Көкжота, Ақтай салалас,
Кең көсілген Емегейті, Қом, Қанас.
Аруақты бабалардың мекені,
Алқа қотан отыратын аралас.
Қайырмасы:
Сай-салаңнан алашадай тоқылған,
Өткен күннің шежіресін оқығам.
Айға ұмтылған асқарыңнан жамырап,
Аппақ қойлар ақша бұлтқа қосылған.
Қайырмасы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу