Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
03.06.2022
141

АЛТЫН ҰЯ
Балапанын ұшырған қияларға,
Мектеп – ана
Өзіңдей ұя бар ма?
Сен болмасаң сананың шамы жанып,
Сансыз бұлақ теңізге құя алар ма.
Қайырмасы:
Алдымызда арман-шың,
Қанатымыз талмасын.
Мектеп – ана өзіңе
Əн-жырымыз,
Əн-жырымыз арналсын.
Алтын ұя, қойныңа кеп түлейміз,
Дауылпаздай жарқылдап көк тілеміз.
Қанша зеңгір биіктеп кетсек-дағы,
Ұстаздардың еңбегі деп білеміз.
Қайырмасы.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇