Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
03.06.2022
795
АЛТЫН ЖЕҢГЕ
Жеңгейжан, ризамын, сүтті көңлің,
Анамды өз анаңдай күттің менің.
Əкемнің жағасына кір жолатпай,
Атандың ауылдасқа құтты келін.
Қайырмасы:
Аяулы асыл жеңгем, алтын жеңгем,
Бағаңа жан жете ме халқың берген.
Бағы да сен болған соң, бабы да бар,
Бəйгеден ағамыздың аты келген.
Біз емес үлкендерге сен еркеле,
Отауың орда болған мерекеде.
«Ас көп деп абысынға тату болсаң»,
Шақырған ағайынды берекеге.
Қайырмасы:
Аяулы асыл жеңгем, алтын жеңгем,
Секілді көл-дария ақыл зердең.
Шашу боп жақсылыққа шашыла бер,
Қазақтың қанға сіңген салтыменен.
Атаның жалғыз ғана ұлы мендей,
Шіренем үзенгі бау үзілердей.
Сонда да «інім» дейсің бəйек болып,
Атымды атауға да тілің келмей.
Қайырмасы.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter