Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
03.06.2022
145
Ақ нарым
Атысатын жау болса көрер едім,
Айтысатын дау болса көнер ме едім.
Əттеген-ай, шамамның жетпегені-ай,
Қолдан келсе өлімге берер ме едім.
Қайырмасы:
Жастайыңнан алысып ақ қар, мұзбен,
Ақ ордамды көтерген ақ нарым ең.
Батып кеттің қайтейін батқан күнмен,
Жылай жүріп үмітіңді ақтаймын мен.
Ұзақ жылдық ақылшым, серігім ең,
Алалықтың аулақ ед желі бізден.
Желкелеген көрсең де жеті жұтты,
Айырылмап ең мен жайлы сеніміңнен.
Қайырмасы:
Бұл жалғанның алды тар, арты базар,
Саған саңлау таппадым сатып алар.
Күндіз-түні жаныңды күзетсем де,
Құшағымнан əкетті-ау тартып ажал.
Қайырмасы.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter