Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
03.06.2022
135
ГҮЛ ЖАМЫЛСЫН ҚАБІРІҢ
Нұр тайған жүзің суынып,
Көсіле қақтың иекті.
Жаутаңдап тұрмын қиылып,
Өлімге қимай ұлы есті.
Үмітпен минутты өткіздім,
Жүзіңнен ыстық өшті леп.
Сонда да қимай көп тұрдым,
Талықсып ұйықтап кетті деп.
Артыңда шулап немерең,
Қан жылап, налып күрсіндім.
Қолымнан келсе берер ем,
Жүрегімнің дүрсілін.
Ажалға бірақ жоқ шара,
Десем де үлкен арман бар.
Жаутаңдап қалған топ бала,
Алдында кімнің далбаңдар.
Ұрпағың мұнара орнатты,
Мекеніңе кең бесік.
Тіріңде көрдің тозақты
Ұжымақ ашар енді есік.
Қойдан қоңыр жуас ең,
Адамға жоқ зəбірің.
Ақиқаттың куəсі ең
Гүл жамылсын қабірің!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter