Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
03.06.2022
118
ӨМІРГЕ ҮҢІЛУ
Мəн берейік, достарым, өмірге сəл,
Өмір жайлы ойлансақ көңіл босар.
Осалдығы қыранның – аңғалдығы,
Тат алдында болат та, темір де осал.
Мəн берейік, достарым, өмірге сəл,
Дүниеде қызық көп көңіл ашар.
Қызығына жалғанның алданғанмен,
Қуаныштың өкініш орнын басар.
Мəн берейік, достарым, өмірге сəл,
Жыр қайығын өзенге, теңізге сал.
«Қай дүниеде ақынға рахат бар»,
Тым болмаса бір де екі сөзің жасар.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter