Өлеңдер ✍️

  03.06.2022
  113


Автор: Бəйтік Дүйсебаев

БІР ТАЙЫ КІСІНЕЙДІ

Кетейінші ауылға, түсіме енді,
Маған қарап бір тайы кісінейді.
Көшелерде менсіз де той басталып,
Той шарабы менсіз де ішіледі.
Мен ешкімнен бақ-дəулет тілемеймін,
Өз жанымды отқа сап күнде жеймін.
Жыр соқасын сүйретіп тың ашамын,
Жалғыз аты сияқты бір кедейдің.
Осы, менің ағайын, шама-шарқым,
Мендегінің болмай жүр бағасы алтын.
Модысынан қаланың мезі болсам,
Ауық-ауық еске алам дала салтын.
Кетейінші ауылға, түсіме енді,
Маған қарап бір тайы кісінейді.
Көшелерде менсіз де той басталып,
Той шарабы менсіз де ішіледі.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу