Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
03.06.2022
111
ТІЛЕК
Тілегімен анамның,
Қаз тұрыппын жерімде.
Басқан əрбір қадамым,
Арналсашы еліме.
Ер болсамшы адуын,
Бой ұратын тереңге.
Атқан оғы жауымның
Дарымайтын денеме.
Торғайты мен Топайдың,
Тілегі бар менде де.
Нұр үстіне нұр жаусын,
Деп ойлаймын пендеге.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter