Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
03.06.2022
119
БАЛЫҚШЫ
Су бүркіті аталған,
Балықшымен бір келем.
– Жасадыңыз қашаннан,
Балықтарға дүрбелең?
Дегенімде, байыппен,
Деді:
– ата кəсібім.
Аққу сынды қайықпен,
Табысымды тасыдым.
Толқындарды шулатып,
Атып еді сересін.
Алып шықты тулатып,
Балықтардың төресін.
Білек талды, қолымнан
Кетердей ақ үзіліп.
Ай мен жұлдыз шомылған,
Келед бірге сүзіліп.
Əлі талай ерермін,
Балықшы аға, түсіндім.
Ақ шабағын өлеңнің,
Мен де ауыма түсірдім.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter