Өлеңдер ✍️

  03.06.2022
  154


Автор: Бəйтік Дүйсебаев

БІЛІМДІ МЕН НАДАН

Білімді мен наданның,
Жер мен көктей парқы бар.
Ханнан кейде қараның
Парасаты артылар.
Шаш ал десе бас алғыш,
Сұмпайы елді бүлдірер.
Əзезілдер жасанғыш
Өзіңменен бір жүрер.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу