Өлеңдер ✍️

  03.06.2022
  170


Автор: Бəйтік Дүйсебаев

ТАРБАҒАТАЙЛЫҚ САБАҚТАСТАРҒА

Сабақтастар, тараған бір көмбеден,
Замандастар, армысың біз көрмеген.
Елдеріңнің сəлем де елдігіне,
Жерлеріңе сəлем де ірге көмген.
Үйірімен жатса да өтіп жылдар,
Біз емеспіз тосырқап бетін бұрар.
Сағынғанда сендерді, келді үйіме,
Төкен, Қасен, аңқылдақ Интеграл.
Азамат ең бəрің де ардан туған,
Елестейді əлі де арлан тұлғаң.
Бақыр дəмін оқуда бірге татқан,
Хат жазыпты Нүкеш те Алматыдан.
Класымыз химия ед, өлең еді,
Басқаларға секілді ек өнер елі.
Сенің қырым пальтоңды киемін деп,
Сенбі сайын Нұржақып келе ме енді.
Достар, достар! Бəрің де айтаржоқсың,
Қайсар бопсың, халыққа дарқан бопсың.
Беттеріне ұстаса беделі боп,
Төбесіне көтерсе қалқан бопсың.
Бағың озса жайым жоқ таласатын,
Бірің химик, біреуің тамаша ақын.
Немеремнің ауызына түкіріңдер,
Жұқса болды сендердің шарапатың.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу