Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
03.06.2022
118
СОЛ ТҰСТАРҒА
Өмір өтті күреспен,
Орда бұзар шағымда.
Бір басыма мінгескен,
Қара қалпақ алдында.
Өмір өтті өксумен,
Қилы-қилы заманда.
Отаспайды от сумен,
Жақсы менен жаман да.
Өмір өтті тимей бір,
Ұлылардың киесі.
Болғаныңмен пілдей құл,
«Иттің де бар иесі».
Жыр желкені
Өмір өтті арлан күн,
Қолда иіленіп көк темір.
Жастығымды арбаның
Түпкі атындай шекті өмір.
Өмір өтті...
Өрімдей,
Қайда барсаң қабан жар.
Онда өзімді өгіздей,
Бұрыштайтын жамандар.
Сол тұстарға түстенем,
Алар жырдан енші бар.
«Жапа көже» ішпеген,
Жапа сөйлеп несі бар.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter