Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
03.06.2022
213
СҰРАЙМЫН
Аспан бүгiн қабағын ашпады бiр.
Сiз жайлы ойдың қоса алмай бастарын кiл,
Кештi тағы батырдым... Жаңбырдан соң
Жанарынан шықты ысырып тастады гүл.
Парақтап көңiлiммен күнтiзбенi,
Отырмын...
Түн түсiнер үнсiз менi.
Бiз жаққа Көктем келдi немкеттiлеу –
Сiз жақтан сезiледi Күздiң демi.
Бiр салқындық бет бұрды бiзге демек,
Жүрегiм сыбырлайды үндеме деп.
Жанарыма қарашы осы сəтте,
Айту керек болса егер бiрдеңе деп.
Сеземiн ғой бəрiн де, бiлем, бiлем,
Сонда да күндерiм жоқ күдер үзген.
Өзге жанды ұнатып қалмаса екен,
Кеше менi ұнатқан жүрегiмен...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter