Өлеңдер ✍️

  03.06.2022
  338


Автор: Еркеғали Бейсенов

РУХ САБАҚТАСТЫҒЫ

Қамықпа, досым, қамықпа!
Көктеме күнін сыйлайды.
Адамдар сыяр табытқа,
Ақындар, бірақ, сыймайды!
Артығали
Қамықпа десең, қамықпан!
Мен де өзіңдей шығармын?..
Түнектен əбден жалыққан
Сəті туғанда шығар күн.
Шумақты шымшып шабыттан,
Таңдайға сөлін тамыздым.
Кезім болмады сарыққан,
Кезі келгенде, дəл үздім.
Су ішетіндер арықтан,
Жатқан жоқ əзір ескеріп.
Айырмашылық балықтан –
Ес жыяр, ақыл кеш келіп.
Пейіштен, əлде, тамұқтан,
Үн қатамын-ау, алқынып?!
 Адамдар сыйған табыттан,
Ап-ауыр мұңым артылып.
Артеке, қиял ол əлі,
Тіл, түйсігімде көп тетік!..
«Ғалилар» ғайып болады,
Шуағы жырды көктетіп!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу