03.06.2022
  135


Автор: Дәулет Мұқаев

«КазАгро» ұлттық басқарушы холдингі ұсынып отырған бағдарламалар.

«КазАгро» 2006 жылы Қазақсан Республикасы Президенті жарлығымен құрылған. 2009 жылдан бері ұлттық басқарушы холдинг атауын алған. Ауыл ша- руашылығын дамытудың маңызды стратегиялық жо- баларының қаржылық операторы бола отырып, хол- динг Агроөнеркәсіптің өндірістік, ақпараттық және сервистік инфрақұрылымын әрі қарай дамытуды жүзеге асыру арқылы мемлекеттік және инвестиция- ланған қаражатты қолжетімді, мақсатты және тиімді пайдалануды қамтамасыз етіп отыр.  Қ о р д ы ң несие қоржыны бүгінгі таңда 68 млрд. теңге құрай- ды. Белсенді қарыз алушылардың саны 33 мыңнан асты. Несие қоржынының жартысы «Жұмыспен қамту 2020 жол картасына» тиесілі. Бұл бағдарлама бойынша осыған дейін ауылдағы бизнестің барлық түрлеріне бағытталатын болса, осы жылдан бастап бюджетті пайдалану нақты бекітілген бағыттар бойынша жүзеге асырылады. Қаржының негізгі үлесі сүт қабылдау бекеттер мен мал бордақылау (малды


 


сапалы ет пен майды көп алу үшін сояр алдында жемге байлап қолдан семірту) алаңдарына жұмсалады. Сонымен қатар, Қор тарапынан ауылшаруашылық кооперативтерге қолдау көрсетіледі. Олар өнімнің тауарды жинақтап, нарыққа және өндірушілерге сатады. 2020 жылы аталған бағдарлама бойынша Қор арқылы 25 млрд. теңге шағын несиелеуге бағытталуы жоспарланған.


Жеке қосалқы шаруашылықтарды дамыту ая- сында несиелеудің басымды бағыттарына тоқтала кетейін:



  • Сүт қабылдау бекеттері жүйесін мен сүт фермаларын құру;

  • Мал бордақылау алаңдарын құру және олардың негізінде ауылшаруашылық кооперативтерді ұйымдастыру;

  • Ауылшаруашылық кооперативтерді құру және жеміс-көкөніс шаруашылықтары бойынша жеке қосалқы шаруашылықтарын қаржыландыру.


 


Осы үш бағытты қаржыландыру бағдарламасы 2016-2018 жылдарға арналған. Қаражат Жұмыспен қамту 2020 жол картасы, Бизнестің жол картасы 2020, Қордың есебінен бөлінеді. Аталған несиелеу бағдарламаларына нақтырақ тоқтап кетсем, шарттары төмендегідей:


 


«Береке»


«Береке» бағдарламасы – ауылшаруашылық өнім алу үшін мал мен құсты бордақылауға а рналған. Қарыз сомасы 3-6 млн теңге, сыйақы үстемесі (про- центная ставка) – 6%, несиелеу мерзімі – 3-4 жылға дейін. Негізгі қарыз пен сыйақы үстемесін өтеу бой- ынша жеңілдетілген мерзім – 6 айға дейін.


 


«Бірлік»


«Бірлік» бағдарламасы – сүт қабылдау орында- рын құру және дамытуға бағытталған. Бағдарлама бойынша сүт қабылдау бекеттері үшін құрал-жаб- дықтарды, сүт тасымалдайтын көлік сатып алуға, айналымдық капиталды толықтыруға болады. Қарыз сомасы – бекеттің қуаттылығына қарай 4-7 млн. тең- ге, сыйақы үстемесі - 6%, несиелеу мерзімі - 4,5 жылға дейін. Жеңілдетілген мерзім – 1 жылға дейін.


 


«Ынтымақ»


«Ынтымақ» бағдарламасы – ет, сүт, жеміс- көкөніс өнімдері бойынша ауылшаруашылық коопе- ративтерін құру және дамытуға арналған. Қаржы ко- оперативке қажетті техника мен құрал-жабдықтарды сатып алуға бағытталады. Қарыз сомасы – 50 млн. теңге, сыйақы үстемесі – 7%, несиелеу мерзімі – 7 жылға дейін. Жеңілдетілген мерзім – 9 айға дейін.


Кепілдіктерге қойылатын талаптарды жеңілде- ту үшін барлық бағдарламалар бойынша ерекше та- лаптар қарастырылған. Қатысушы кепілдік ретінде сатып алынатын техниканы қоя алады, оның 30 пай- ызын жабатын басқа мүлікті қосымша ұсына алады. Бұл механизм лизингке ұқсайды, тек аванстық төлем 30 пайыз болады.


«Игілік»


«Игілік» бағдарламасы – мал мен құс басын көбейтуге арналған. Қарыз сомасы - 3-6 млн теңге, сыйақы үстемесі – 6%, несиелеу мерзімі – 3-4,5 жылға дейін. Негізгі борыш пен сыйақы үстемесін өтеу бойынша жеңілдетілген мерзім – 1 жылға дейін.


 


«Кәсіпкер» бағдарламасы


«Кәсіпкер» бағдарламасы – ауылды жерлерде ауылшаруашылығына жатпайтын бизнес түрлерін қаржыландыруға бағытталған. Қарыз сомасы – 3-6 млн теңге, сыйақы үстемесі - 6%, несиелеу мерзімі – 4,5 жылға дейін. Жеңілдетілген мерзім – 6 айға дейін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу