03.06.2022
  99


Автор: Дәулет Мұқаев

«DAMU»

DAMU - кәсіпкерлерді дамыту қоры. Аталған қор еліміздің барлық облыстарында сонымен қатар Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында оқыту жүргізеді. Қор арқылы өз ісіңізді бастауға несие алуға болады. Несие алу үшін ең алдымен жоғарыда айта кеткен


«Атамекен» кәсіпкерлер палатасына барып оқудан өтіп, тиісті сертификат алуыңыз керек. Одан кейін Халыққа қызмет көрсету орталығына (ЦОН-ға) ба- рып ДК немес ЖШС ашуыңыз, маркетологқа барып бизнес-жоспарды жасату керек. Келесі қадам 15-20% бастапқы жарна жинау. Осының барлығын істеген соң DAMU-ға барып кепілді несие ала аласыз. Қордың несиелендіру бойынша негізгі 3 бағыты бар:



  1. Ісін жаңа бастағандарға арналған бағдарлама. Атауы айтып тұрғандай бизнес бастағысы кеп жүрген жандарға. Жоба қатысушылары алдымен оқытудан өтеді, артынша несиелендіру жүргізіледі. Алынған несиені субсидиялау, қарапайым тілмен айтқанда кредиттің пайыздық мөлшерлемесін азайту мүмкіндігі ие боласыз. «Даму Оптима» - кепілдік (гарантия), яғни сіздің кепілдікке беретін сомаңыз жетпи тұрса, қор сіз үшін кепілдік бола алады. Аталған бағдарлама бойынша несие мөлшері 30 миллион теңгеге дейін. Жалпы қарыз сомасының 85%-на дейін. Бұл бағдарлама арқылы келесі – BankRBK, BankCentarCredit, EurasianBank, TengriBank, Alfa- Bank, ForteBank, VTB, Сбербанк, NURBANK, АТФБанк, CapitalBank, KassaNOVAbank жұмыс істеп жатқан банктер болып табылады.

  2. Бизнесі барларға арналған бағдарлама. Егер


 


сіздің кәсібіңіз болса бұл бағдарлама сізге арналған. Несие сомасы 21 208 000 теңгеден, банктің несие бойынша мөлшерлемесі 6% -ға дейін. Жалпы қарыз сомасының 50%-на дейін қор кепілдік бола алады. Бұл кепілдік бойынша несие алу үшін басқа кредиттеріңіз бойынша 90 күн «просрочкаңыз» болмауы тиіс, сонымен қатар соңғы 5 жылдағы «кредитная историяңыз» жақсы болуы міндетті. Несие беретін банктер – BankCentarCredit, EurasianBank, ForteBank, VTB, Сбербанк, АТФБанк, МФОДаму, HalykBank.


Айтпақшы DAMU ұсынып отырған барлық 3 бағдарлама бойынша егер де төлем қабілеттілігін дәлелдей алмай жатсаңыз қасыңызға кепіл адам (га- рант) қосуға болады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу