02.06.2022
  168


Автор: Ескен Елубаев

ӨМIР ЗАҢЫ

Алматыда, шеткейде,
Барша аң-құс баласы,
Зоопаркте, көктемде,
Тату-тəттi арасы.
Бiр-бiрiмен жау ескi,
Мысық, күшiк қатар жүр.
Ал қонжығың тауешкi
Лағымен жатар бiр.


Көжек əлi бiлмейдi
Бөлтiрiктен қорыққанды.
Бала арыстан тимейдi,
Қодық қатар оттайды.
Жайбарақат алаңсыз,
Жүредi олар шарбақта.
Күз келгенде амалсыз,
Ажырайды жан-жаққа.
Тату-тəттi жасында,
Өссе кетер жау болып.
Бiр-бiрiнiң қасында,
Жүру қиын сау болып.
Балалық шақ – тəттi шақ,
Себебi еш жауың жоқ.
Бiр-бiрiне жат құсап,
Кiжiнетiн жайың жоқ.
Заңы солай өмiрдiң
Қалай бəрiн теңесiн.
Əлсiз болсаң –
Жеңiлдiң,
Əлдi болсаң –
Жеңесiң.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу