02.06.2022
  236


Автор: Ескен Елубаев

ҚОЛ ТУРАЛЫ ЖЫР

Бiр жасында қос қолын
Емiзiкше сорды ол.
Екiсiнде еңбектеп,
Аяқ еттi қолды ол.
Қасық қылып ас iштi,
Үш жасында қолымен.


Төрт жасында күрек қып
Жер қызып жүр онымен.
Бес жасында қолдары
Қалды мүлде жұмыссыз.
Бүлдiргеннен басқаны
Бiлмес қолы тынышсыз.
Жетi жасқа келгенде
Қолын нағыз қол еттi.
Қағаз, қалам ұстады,
Мектебiне келедi.
Қолы iске жарады,
Бiрiншiге ол барады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу