02.06.2022
  120


Автор: Ескен Елубаев

ЖАҢАЛЫҚ

Жақып жақын арада,
Түнеп шығып далаға,
Жаңалықты өзi ашқан
Жайды барлық балаға.
– Байқадың ба, түнде сен,
Мен айтайын бiлмесең,
Қараңғыда адаспай
Қалай ұшып жүр десем?
Алды менен соңына,
Жарық берген жолына.
Болады екен шамдары
Ұшақтардың қолында...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу