02.06.2022
  117


Автор: Ескен Елубаев

ТƏРБИЕ ҚҰРАЛДАРЫ

Балалардан сұрадық:
– Нелер, нелер, нелер? – деп, –


Тəрбиенiң құралы,
Өнеге-ықпал берер көп?
Бiреуi айтты:
– Кино, – деп,
Кино түсiп ойына.
Құптап қойдық оны да.
Бiреу айтты:
– Кiтап: – деп
Кiтап түстi ойына.
Құптап қойдық оны да.
Бiреу айтты:
– Музей, – деп,
Музей түсiп ойына.
Құптап қойдық оны да.
Бiреу айтты:
– Театр, – деп,
Театр түсiп ойына.
Құптап қойдық оны да.
Бiреу айтты:
– Телевизор...
Телевизор түсiп ойына.
Құптап қойдық оны да.
Бiреу айтты:
– Спорт, – деп,
Спорт түсiп ойына.
Құптап қойдық оны да.
Бiреу айтты:
– Белдiк... – деп...
Əкесi түсiп ойына...
Құптаймыз ба, оны да?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу