Тақпақтар ✍️
Тақпақтар ✍️
02.06.2022
115

ƏДЕП
...Тық-тық ұрды,
Тыңдап тұрды.
– Бұл кiм?
– Менмiн.
– Не қажет?
– Жеймiн.
Қолымда пышақ,
Берсең рұқсат,
Өзiңдi сойсам,
Армансыз тойсам.
– Тым ерте келдiң,
Болмайды деймiн...
Айтқанға көндi.
...Тағы да келдi.
Тық-тық ұрды,
Тыңдап тұрды.
– Бұл кiм?
– Менмiн.
– Не қажет?
– Жеймiн.
Қолымда пышақ,
Берсең рұқсат,
Өзiңдi сойсам,
Армансыз тойсам,
– Тағы ерте келдiң,
Болмайды деймiн...
Қарбыз айтты,
Бағбан қайтты.
...Тағы да келдi,
Хабарын бердi.
Тық-тық ұрды,
Тыңдап тұрды.
– Бұл кiм?
– Менмiн.
– Не қажет?
– Жеймiн.
– Жесең жешi,
Тəттi екен дешi.
Жолыңды тосып,
Жатырмын өсiп.
Бақтың-қақтың,
Маған жақтың.
Болады ендi, –
Деп қарбыз көндi.
– Мiнеки, пiстiм,
Аузына түстiм...
Бағбан бiлдi,
Қарбызды тiлдi.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter