Тақпақтар ✍️
Тақпақтар ✍️
02.06.2022
231

БАС МҮЖУ
Қой сойып, ет асты,
Алға тартты басты.
Оны Қайсар бөлдi,
Жолы үлкен сол-ды.
– Үлкендердi тыңдап,
Жүр, – деп, – тiл ап, сыйлап...
Балаларға құлақ
Бердi ол бөлiп турап.
– Айт, – деп, – əндi талмай...
Бердi əншiге таңдай.
– Мергенсiң, – деп – өзiң...
Бердi аңшыға көзiн.
Қиын сауал туды:
«Кiм жемекшi миды?»
Дедi досы: – Миы аз,
Жей ғой өзiң бiраз...
Ескен Елубаев тақпақтары ескен елубаев балаларға арналған тақпақ балабақшаға арналған тақпақ қой бас ет
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter