02.06.2022
  118


Автор: Ескен Елубаев

ШIКIМАЙ

Көңiлi Аманның
Нелiктен қапалы?
Бəрiнен жаманы –
Бойының тапалы.
Жəудiреп жанары
Жанға сол батады.
Серейiп барады,
Өзiнiң қатары.
Мазақтап кей досы,
«Шiкiмай» деседi.
«Бой деген
Сенде осы, –
Деп, – Қашан өседi?»
«Спортшы болам», – деп,
Қай жерге ол бармады.
Мiн тағып оған көп,
Еш бапкер алмады.


«Сүйегiң майда екен,
Бiр тұтам – бой жағы...
Болма əуре жай бекер
Кемшiнi сол жағы...»
Сол бойы
Кей-кейде
Iске асып жатады.
Атшабыс өткенде,
Атқа өзi шабады!
«Келтiрмес нұқсан көп,
Атқа күш салмайды...
«Жеңiл», – деп,
«Ықшам», – деп,
Ел соны таңдайды.
Ал,
Бiздiң жиналған
Тұрады iш удай боп.
«Серейiп туғаннан
Қортық боп тумай?!» – деп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу