02.06.2022
  150


Автор: Ескен Елубаев

ЖОЛАТПАЙДЫ ЖАНЫНА

Күрiк болып сұр тауық,
Басып шықты балапан.
Көрiп қалам бiр ауық,
Оларды мен даладан.
Балапандар үлпiлдек,
Бұлтың-бұлтың жүгiрген.


Ұстап алып бiртiндеп,
Сипар ма едiм түгiнен.
Қанша екен –
Санаймын,
Санаймын да жаңылам.
Алыс тұрып қараймын,
Жүре алмаймын маңынан.
Сипар едiм мамығын,
Ұстап тұрып қолыма.
Бiрақ күрiк тауығың
Жолатпайды жанына.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу