Өлеңдер ✍️

  01.06.2022
  135


Автор: Бəйтік Дүйсебаев

Ана тілім

Ананың ақ сүтіндей ана тілім,
Құдіретіңмен көтердің дала туын.
Сара тілген əлемді сен болмасаң,
Күні қаран тіршілік санатының.
Тіл мұратым, арманға ұласар кеп,
Тіл болмаса бұл қазақ қыр асар мед?!
Тіл байлығы бар елде кедейлік жоқ,
Алшаңдайды ат ұстап, «тілашар» деп.
Өз тегім деп білемін тілдің тегін,
Тілім, сенімен оталған бір білтеңмін.
Тілім сенімен жандырып өшкенімді,
Сөзден өлген əкемді тірілтемін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу