Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
01.06.2022
111
Біреулерге
Сен маған сенесің бе, сенбейсің бе?!
Еркің ғой жау дейсің бе, ел дейсің бе.
Егерде бұл арада мен болмасам,
Тентіреп сен де осында келмейсің де.
Алдыңа тартылса да тұзым-асым,
Айтсам да бірдің аяқ, бірдің басын.
Əншейін жоқ нəрседен секем алып,
Күніне сабынша бір бұзыласың.
Сен үшін жапа шектім, бұрдықтым көп,
Сонда да шыға алмадым бір мықтың боп.
Ей, досым, көздің ағын көрсетпе енді,
Атаңды қара тауда бір жықтым – деп.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter