Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
01.06.2022
125
Мен жоқта көзімсің
Маған жат ортаймақ,
Өзекті өрте өлең.
Дойбы ойнап, қарта ойнап,
Сенсіз кетер ем.
Кезер ем көшені,
Достарды еске алып.
Бос мылжың, өсегі...
Шараптан ес танып.
Өзіңмен биікпін,
(Артығым да өзгеден).
Сен болсаң сүйіктім,
Қалайша өзгерем.
Қазақтың ері мен,
Десем ғой, қаталық.
Өлеңім сенімен,
Атым жүр аталып.
Шабытты күйімде,
Жіпсіз-ақ байланып.
Отырам үйімде,
Əлемге айналып.
Жары өліп жалғыздық,
Тартқанда ақының.
Қайғыдан қар бұзып,
Сен жеттің алтыным.
Жоқ болсаң зəруім,
Қуатым, қайратым.
Қасыма – қаруым,
Досыма – шəрбатым.
Өлеңім өзіңсің,
Жарым да, балам да.
Мен жоқта көзімсің,
Үнімсің ғаламға.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter