Өлеңдер ✍️
Атан мінген ақын
Сырлы роман, шыншыл жыр, кім жазыпты?!
Алыптардың артында із қалыпты.
Сонау жыл бəйге алмақ боп астанаға 1,
Бір топ ақын, жазушы жиналыпты.
Сол шақтағы Бейжиңның көркі қандай?
(Отыр ақын, суретін келтіре алмай).
Серуендепті аз ұлттар қаламгері,
Мұражай мен бақшаны еркі қалмай.
Қала құтты болғанда, дала сүтті,
Ынтымағы достардың жарасыпты.
Бірақ, бір күн түйенің мүсініне,
Бір қазақ пен бір моңғол таласыпты.
Малшинху: «тұрғам жоқ атақ іздеп,
Тарих – көш жосылып жатады із боп.
Бұл біздікі, жорықта жұртта қалған,
Шыңғыс ханның жортуыл атаны» деп.
Келсең-келге Күнгей де үлгіріпті:
«Қазақ, моңғол халықпыз туырлықты.
Көгедай мініп келген көк атан1 деп,
Мақатанды үстіне мінгізіпті.
Сонда Омыкең2 бір шолып ұшар көкті:
«Қолдайды екен аруақ мұнша əулетті.
Ата малың табылды Мақа, бүгін,
Келістіріп енді бір жусаң» депті.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter